Алматыда 28 мектепке оқушылар автобуспен тасымалданбақ - пилоттық жоба

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пилоттық режимде қыркүйек айынан бастап оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобустар жүргізу жоспарланды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, Алматыда оқушыларды автобустармен тасымалдау мәселесі толық шешімін таппай келеді.

«Кеше ғана осы мәселе бойынша кездесу өткіздім. Бұл - пилоттық жоба болмақ. Әр ауданнан мектептер таңдалды. Жалпы саны 28 мектепке балаларды тасымалдау автобустарын жүргізу пилоттық режимде жоспарланды. Барлығы орынды болса, бағдарламаны қыркүйектің соңына дейін қабылдаймыз»,- деді Ерболат Досаев.


Фото: abai.kz


Соңғы жаңалықтар