Алматыда 27 сұлулық салоны рұқсатсыз жұмыс істеп келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің мамандары сұлулық салондарын тексеріп, бірқатар кемшіліктерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың 1-тоқсанында Алматыдағы СПА және сұлулық салондары, адамдардың терісін әрлеумен айналысатын косметологиялық орталықтар, тату-салондар тексерілді.

Оның ішінде 7 нысан аудиторлық қорытынды болғандықтан, тексеруден босатылды.

«Тексеру барысында бір реттік орамалдар, зарарсыздандыру құралының таңбасы, санитарлық тораптарда қол жуу құралдары, ультракүлгін сәулелеу құралдарының тіркеу журналы болмаған, мамандардың киімдері талапқа сай емес, кондиционерлер істемейді, күрделі жөндеу қажет деген сияқты санитарлық норма талаптары бұзылғаны анықталды. Санитарлық эпидемиологиялық тексеруден соң жалпы сомасы 123 мың 250 теңгеге 5 айыппұл салынды, 6 ескерту жазылды. Бір іс материалдары сотқа берілді», - деді қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдақасымова.

Тексеру нәтижесінде 27 нысанның рұқсатсыз жұмыс істеп келгені анықталған.

Алмалы ауданында - 5 нысан: Түркебаев, 63 мекенжайындағы «Маникюр плюс» сұлулық салоны; Төле би, 221 мекенжайындағы «Меруерт шоколадка» сұлулық салоны; Дүйсенов, 100 мекенжайындағы «Салюс плюс» сұлулық салоны; Тұрғыт Озал - 84 мекенжайындағы «Афродита» сұлулық салоны; Түркебаев, 92 мекенжайындағы «Оразгелді» шаштаразы.

Бостандық ауданында - 2 нысан: Тимирязев 60 мекенжайындағы «Қыз Жібек» сұлулық салоны; Брусиловский көшесі, 247 мекенжайындағы «Merci» сұлулық салоны.

Жетісу ауданында - 3 нысан: Айнабұлақ -1, 9 мекенжайындағы «Дариға» сұлулық салоны; Айнабұлақ-4, 178; Сүйінбай,2 мекенжайындағы сұлулық салондары.

Наурызбай ауданында - 17 нысан: Қалқаман 2, Сейтметов, 1 мекенжайындағы шаштараз; Шұғыла шағын ауданы, Жуалы, 99 мекенжайындағы шаштараз; Қалқаман шағын ауданы, Әшімов, 10а мекенжайындағы шаштараз, Шұғыла шағын ауданы, Жуалы, 97 мекенжайындағы шаштараз; Қалқаман шағын ауданы, Әшімов, 162 мекенжайындағы шаштараз; Қалқаман шағын ауданы, Әшімов, 42 мекенжайындағы шаштараз; Ақжар шағын ауданы, Әбділдин, 3 мекенжайындағы шаштараз; Ақжар шағын ауданы, Айманов, 40 мекенжайындағы «Арзу» шаштаразы; Ақжар шағын ауданы, Егенсу, 33/2 мекенжайындағы шаштараз; Рахат шағын ауданы, Асқаров 21/12 мекенжайындағы «Luxury» сұлулық салоны; Қалқаман 2, Әшімов 138 мекенжайындағы «Диана» сұлулық салоны; Тау самалы шағын ауданы, Гроза көшесі, 64а мекенжайындағы «Я прекрасна»сұлулық салоны; Қалқаман 2, Мұсабаев, 36 мекенжайындағы «Famous» сұлулық салоны.

Санитарлық дәрігерлер азаматтарға косметологиялық қызметке жүгінер алдында мекеменің санитарлық ахуалына мән беру керектігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар