+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Алматыда 265 мың ағаш отырғызылады

2020 жылғы 5 маусым 13:15
Бөлісіңіз:
Алматыда 265 мың ағаш отырғызылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жасыл қорды сауықтыру бойынша жұмыстар жалғасуда , биыл 265 мың ағаш отырғызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ең жас экобелсенді: Ешкім суды тиімді пайдаланып жатқан жоқ Айгүл Соловьева: Президент экология мәселесін жүйелі түрде шешуді тапсырды Әсел Баймұқанова: Президенттің экология саласындағы бастамасы қазір аса маңызды

«Ағымдағы жылы 265 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бірінші кезекте облысқа шекаралас орналасқан Наурызбай және Алатау аудандарына ерекше назар аударылатын болады. Қаланың Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша 2019 жылы #JasylAlmaty акциясы аясында 135 мың жасыл желек отырғызылды. Ағаштар көпшілік жиналатын аумақтарға, оның ішінде мектептердің, ауруханалардың айналасына, «Мохнатка», «Көктөбе» тауларының бөктерлеріне, Атакенттің, Атлеттер ауылы мен «Алатау» театрының алаңдарына отырғызылады», деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Мамандар аудандардағы жасыл желекті санап шықты. Ең жасыл елді мекен Медеу ауданында 472 мыңнан астам ағаш бар. Ал, Наурызбай және Алатау аудандарында шамамен 202 мың және 179 мың ағаш өсіп тұр. Жасылдандыру бойынша екінші орынды Түрксіб ауданы иеленген, мұнда 431,5 мың түп ағаш бар. Бостандық ауданында 380 мың ағаш өсіп тұр. Ал, Әуезов ауданындағы ағаштар саны 100 мыңға кем, яғни 255 мыңға жуық. Жетісу ауданында 220 мыңнан астам, ал Алмалы ауданында 213 мың ағаш бар.

Айта кетерлігі, тек көпшілік қолданатын жердегі ағаштар ғана саналды. Яғни, жеке аумақтардағы, зираттардағы, республикалық маңызы бар жерлердегі жасыл желек қосылмаған.

Қалада барлығы 2,352 млн ағаш бар. Олардың ішінде сауығып,жапырақтарын кеңге жайғандары 1,8 млн немесе 76,5 пайыз. Сондықтан ағаштарды зиянкестерден қорғау және сауықтыру үшін өңдеу жұмыстары жүруде. Препараттар ағаш жапырақтарын кеміретін және сорып тастайтын зиянкес құрттардан қорғауда. Бұл өңдегіш заттар - ұзақ мерзімді әрі қоршаған ортаға қауіпсіз.


«Жасыл желекті өңдеу жұмыстары қорғаудың биологиялық, қажет болған жағдайда химиялық әдісімен іске асуда. Өңдеу жүргізер алдында 5-7 күн ішінде зиянкестердің даму фенологиясына, түрлі зиянкестерден таралуына мониторинг жүргізіледі», — деп хабарлады қаланың Жасыл экономика басқармасынан.

Жасыл желекті өңдеу жұмыстары кешкі сағат 23:00-ден таңғы 05:30-ға дейін жүргізіледі.

Бүгін Алматының жасыл қорын өңдеудің екініші кезеңі басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT