Алматыда 26 жастағы қыздың денесі арықтан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 26 жастағы қыздың денесі арықтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан. 

Бойжеткеннің мәйіті Әл-Фараби, 100 мекенжайындағы ғимараттың жанындағы арықтан табылды.

«1992 жылы туған бойжеткеннің денесінен азаптап өлтіру белгілері байқалмады. Қыздың жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін. Қыздың өлімі нақты неден болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз жақын арадағы тұрғын үйлердің бірінде пәтер тазалаушы болып жұмыс жасаған.

null  

null 

Соңғы жаңалықтар