Алматыда 26 оқушы коронавирус жұқтырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қалада қанша оқушының коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші тоқсанда 26 оқушы коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың екеуі штаттық режимде оқыған. Қаладағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, балалардың ата-аналары мектепке жібергенде қоғамдық орынға жібергенін түсінгені абзал. Ата-аналар тарапынан барынша инфекцияны жұқтырмаудың амалдары жасалғаны дұрыс»,- деді Қайрат Жұманов.

Бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин екінші тоқсаннан бастап 1-5 сыныптарға кезекші сынып ашуға рұқсат бергенін жазған болатынбыз.

Ал бірінші тоқсанда 1-4 сыныптарға ғана рұқсат етілген еді.

140 мемлекеттік мектепте 985 кезекші сыныбы ашылды. Бұл сыныптарда 12 928 бала оқыған.

56 жекеменшік мектепте 582 кезекші сыныбы ашылып, 7 056 бала білім алды.



Соңғы жаңалықтар