Алматыда 252 нысанда эпидемиологиялық қауіпсіздік сақталмаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мониторинг барысында 252 нысанда эпиедмиологиялық қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды. Бұл туралы қаланың бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қалада эпидемиологиялық қаупі жоғары 13,5 мың нысан тіркелген.

Тексеру барысында олардың 252-сінде қауіпсіздік талаптары бұзылғаны анықталды.

«Бұл барлық тексерілген нысандардың 9,6 пайызын құрайды. Оның ішінде 152 нысан жұмысы тоқтатылды. 133 нысан жұмысын өздігінен тоқтатты. 19 нысан иесі аудандық департамент қаулысымен жұмысын тоқтатты. Ең көп тексеру Әуезов ауданында болған. 540 нысанның жұмысы бақыланды. Бостандық ауданында – 377, Жетісу ауданында 322 нысан тексерілді. Ең төменгі бақылау көрсеткіші Түрксіб ауданында тіркелді. Мұнда - 221, Наурызбай ауданында – 247, Алатау ауданында 281 нысан, Медеу ауданында 306 нысанның жұмысы тексерілген», - деді Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар