Алматыда 250 млн теңге жымқырылған аурухананың есепшілері жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 250 млн теңгені қолды етті деген күдікпен №4 аурухананың есепшілерінің үстіннен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Түрксіб аудандық сотына №4 аурухананың бухгалтериясындағы ақша жымқыру дерегіне байланысты іс түсті.

Аталған қылмыстық іс прокурорлық тексерулердің нәтижесінде қозғалған.

Ауруханада жүргізілген ревизия барысында 250 млн теңгенің ұрланғаны анықталған. Қаржы 2014, 2015, 2016 жылдары жымқырылған.

Мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен аурухананың үш есепшісі заң алдында жауап беруде. Оларға ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, ҚР ҚК 241-бабы бойынша бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу, ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша жалған құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылды.

Түрксіб аудандық соты үш күдіктіні кепілмен босату туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.

Негізгі сот отырысы 15 мамырда басталады.

Соңғы жаңалықтар