Алматыда 25 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 25 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Медициналық сараптама барысында жүргізушінің есірткі пайдаланғаны анықталған. Қайғылы оқиға 30 тамызда Жетісу ауданында орын алған. «Мерседесті» тізгіндеген 29 жасар жігіт Омаров көшесімен батыс бағытта келе жатып, жолды кесіп өтіп бара жатқан жұпты қағып кетеді. Салдарынан 25 жасар бойжеткен сол жерде көз жұмып, қасындағы жігіті бас миы шайқалып, №4-ші ауруханаға жатқызылды. «Сот-наркологиялық сараптаудан өткен соң, Мерседес жүргізушісінің есірткі пайдаланғаны анықталды. Қазір анықтау бөлімінде адам өліміне соқтырған жол апатын жасағаны үшін оған қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіні бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім шығарды. 29 жастағы күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар