+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Алматыда 25 мамырдан бастап барлық ХҚО мен дәмханалар ашылады

2020 жылғы 21 мамыр 13:51
Бөлісіңіз:
Алматыда 25 мамырдан бастап барлық ХҚО мен дәмханалар ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі 25 мамырдан бастап барлық дәмхана, мейрамхана, ХҚО-ларды ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтардан карантин тәртібін бұзуға қатысты 70-ке жуық шағым түсті Алматы әкімдігі карантин шарасын бұзғандар туралы хабарлауды сұрады

«18 мамырдан бастап туризм, ұялы байланыстың абоненттік бөлімдері, банк бөлімшелері, қаржы секторы толық ашылды. 25 мамырдан бастап карантин режимін босаңсыту аясында қаладағы барлық сауда үйлерін, сауда ойын-сауық орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қалада осындай 140 нысан бар екен. Сонымен қатар, мейрамхана, дәмханалар да ашылады», - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай мекемелерде келушілердің санына қатысты шектеу жоқ.

«Ең бастысы - санитарлық талаптар толық орындалуы тиіс. Үстелдердің арасы 2 метрден кем болмауы керек. Бір үстелге бір отбасының 4 адамы ғана отырғаны абзал. Қоғамдық тамақтану орындары 23:00-ге дейін ғана ашық тұрады. Бірақ банкет, той жасауға тыйым салынады»,- дейді ол.

Сондай-ақ, Алматыда осы уақытқа дейін санитарлық талаптарға сай келмеген соң жабық тұрған азық-түлік базарлары да ашылады.

«Бұл ашық типтегі базарларда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сенбі күні аудит болады. Одан бөлек қаладағы барлық қонақ үйлер, ХҚО ашылады», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Аудит ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ғана жүргізіледі.

«Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындарына қатысты талаптарды жариялады. InfoAlmaty.kz сайтында бәрі жазылған», - деді Қанат Сағындықов.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде сауда ойын-сауық орталықтарында бутиктер, мейрамханалар, химтазалау ашылады.

Екінші кезеңде - қоғамдық тамақтану орындары, яғни фудкорт, үшінші кезеңде - кинотеатрлар, ойын-сауық алаңдары ашылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT