Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.
«Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ



Соңғы жаңалықтар