Алматыда 25 блокпостта ахуал тұрақты – полиция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қаланың периметрі бойынша жұмыс жасап тұрған 25 блокпостың ахуал тұрақты. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың жұмысына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерилерін қоспағанда ПД-нің жеке құрамынан 700-ге жуық адам жұмылдырылған.

Департамент басшысы ең ірі күрежолдарда бірнеше күн бойы кептелістер байқалатынын мойындады.

«Олар ең алдымен карантин режимін бәсеңдетуге байланысты болып отыр. Кейбір азаматтар мұны карантиннің тоқтатылуымен шатастырады, сондықтан олар қалаға кіруге немесе, керісінше, қаладан шығуға тырысады. Карантиннің жойылмағандығы туралы тағы да ескертеміз. Блокбостан тек Жедел штабтың деректерінің арнайы тізіліміне енгізілген азаматтар ғана өте алады. Жүк көлігін қоспағанда, әр көлік құралын тексеруге белгілі бір уақыт кетеді. Осыған байланысты, біз азаматтарды өз үйлерінен негізсіз шығып кетпеуге шақырамыз. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», - деді Қанат Таймерденов.


Соңғы жаңалықтар