Алматыда 24 жастағы семейлік жігіт жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24 жастағы Азамат Қабденов 7 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткен.

«Соңғы рет, онымен 6 қыркүйек күні сөйлестім. Менен қарызға ақша сұрады. Оған ақшаны беретінімді айттым да, Семейге қайтуын сұрадым. 9 қыркүйекте телефонды қайта соқтым. Бірақ, бұл жолы оның барлық телефоны өшірулі болды. Ол 12 қыркүйектегі анамыздың туған күніне де телефон шалмады», - дейді жоғалған жігіттің әпкесі Жанар.

Жанардың айтуынша, ертең 14 қыркүйек күні ол анасымен Алматыға келіп, Азаматтың жоғалғаны туралы полицияға хабарламақ.

«Мен Азаматтың досымен хабарластым. Олар 5 қыркүйек күні соңғы рет кездескен. Оның айтуынша, Азамат біреулерге қарызданып қалған. Біз оның Алматыда не кәсіппен шұғылданғанын білмейміз, бірақ оны қанша шақырғанымызбен Семейге қайтқысы келмеді», - деді Жанар.

Соңғы жаңалықтар