Алматыда 24 жасар қызды өлтіргені үшін 17 жылға сотталған жігіт сот үкіміне наразы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 24 жасар Саида Ибрагимованы өлтіргені үшін 17 жылға бас бостандығынан айрылған Жан Алагөзов сот үкімін жұмсартуды өтініп, апелляцияға берді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жапа шегушілердің қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов айтты.

Қорғаушының айтуынша, істі қалалық соттың апелляциялық алқасы қарайды. Алайда, отырыстың қашан болары белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, жан түршігерлік оқиға биыл наурызда орын алды. 24 жасар Саида Ибрагимованың өртелген денесі қаланың сыртынан табылды. Кейін қандықол қылмысқа барған үш жігіт ұсталды. Сот шешімімен Жан Алагөзов - 17 жылға, Әлібек Ералиұлы - 4 жылға, Гавгаз Әлиев 18 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар