Алматыда 24 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 387 адам коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қаңтар күні 3 387 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 қаңтар аралығында қалада 1 053 444 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 017 659 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 472 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 31 977 адам салдырды. Оның ішінде 1 761 жүкті әйел, 6 498 бала емізетін ана және 23 718 жасөспірім бар.
Ревакцинациядан 73 271 алматылық өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мектептер мен базарларда 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 762 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар