Алматыда 235 жұмысшыға 5 жыл бойы төленбеген жалақылары қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түрксіб аудандық прокуратурасының араласуымен «Vita Industry» ЖШС-ның 235 жұмысшысына 5 жыл бойы төленбеген жалақылары қайтарылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның ресми өкілі Гүлнәр Бердібекова айтты.

«Прокуратура қызметкерлерінің табанды әрекетінің арқасында мүліктік кешенді жалға алушы «MS» ЖШС «Vita Industry» ЖШС еңбеккерлерін жұмысқа қабылдап, 80 млн теңгеге жуық қарызды өтеді. Жүргізілген жұмыстың арқасында 235 жұмысшының конституциялық құқығы қалпына келтірілді», - деді Г.Бердібекова.

Соңғы жаңалықтар