Алматыда 23 жастағы жігітті жақындары таппай жатыр

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 23 жастағы Темірхан Иман-Зұлпар Айтуғанұлы 6 ақпанда үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жігіттің әпкесі Баян Сейітова інісінің Шамалған елді мекенінен таксиге отырып кеткенін айтты. Сол күні ол орталықтағы жұмысына баруы тиіс болған.

«Інім үйден таңертеңгі 10:30-да шығып кетіп, Шамалғандағы "Еңлік" дүкенінің алдынан таксиге отырған. Таксист оны Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысында түсіріп кеткен. Көшедегі бейнекамералар арқылы оның  «12 ай» сауда үйінің қасынан түсіп қалғанын көрдік. Ұялы телефонын детализацияға салған кезде кешкі 17:44 шамасында Қырғыз елінің шекарасынан өткенін білдік. Соңғы рет телефоны 23:10-да Қырғыз елінен Қордайға өтетін жерде тіркелді. Одан кейін із-түзсіз жоқ», - деді Баян Сейітова.

Жігіттің жақындары оны көрген адамдар болса +7 701 785 55 57 хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар