Алматыда 23 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2020 жылы Алматыда 23 897 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Әлкебайұлы атап өткендей, 2020 жылы жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үш бағытта бойынша жүзеге асты.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 735 адам, еңбек порталы арқылы – 11 403 адам және мемлекеттік қолдау шараларынсыз – 11 759 адам жұмыспен қамтылды.

«Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 76 301 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 35 032-сі тұрақты. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Ондағы 228 инфрақұрылымдық жобада 26 мың жұмыс орнын құру көзделген, бюджеті 104 млрд теңге», - деді ол.

Сонымен қатар, ол құрылған жұмыс орындарының 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарды жіберу есебінен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

«Барлығы 21,8 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған жастардың үлесі 37%-ды құрайды, яғни 4 054 адам. Қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері 92 мың теңгені құрайды», - дейді Данияр Әлкебайұлы.


Соңғы жаңалықтар