Алматыда 22 жаттықтырушы балаларға ашық спорт алаңдарында сабақ өткізеді
Алматы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын айтты.
«Алматының алты ауданында жекпе-жекті оқыту орталықтары ашылды. Жаттығуларды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 14 бапкері өткізеді. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында 50 демалыс орталығы бар, оларда спорт секциялары мен үйірмелері ақысыз жұмыс істейді, онда 5 280 адам қамтылған», - дейді Рүстем Байсейітов.
Спорт басқармасының басшысы 2023 жылға қарай қаладағы орталықтарды 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын, биыл қосымша 50 орталық ашылатынын жеткізді.
«Биыл 8-12 жас аралығындағы балаларға жүзу негіздері бойынша тегін оқытудың қалалық бағдарламасы қолданылды. Барлығы 2100 бала қамтылды, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар. Сондай-ақ, Алматы қаласының аулалық командалары арасында 4500-ден астам баланы қамтитын футбол лигалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында 22 маман жұмысқа кірісті, олар 500-ге жуық баланы оқытады «, - деді спикер.