Алматыда 22 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 22 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр,  деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  тілшісі.

Қайғылы оқиға  Райымбек даңғылы мен Тілендиев  көшесінің қиылысында  болған.

22 жастағы  жігіт тыйым салынған тұстан жүгіріп өтпек болғанда көлік қағып кетті.

Ол сол жерде  көз  жұмды. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан тайып тұрған.

Қазір оны полиция іздестіруде.

null

Соңғы жаңалықтар