Алматыда 22 наурыздан бастап көліктердің қала аумағынан шығуға тыйым салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы тұрғындары мен қонақтарына 22 наурыз түнгі сағат 00:00 дейін қажеттілік туған жағдайда қаладан шығып кетуге рұқсат берілді. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық аймақ тұрғындарына, атап айтқанда Алматы облысының тұрғындарына қарата айтқым келеді. Олар 72 сағат ішінде қаладан шығып үйлеріне жетіп алу керек. Алматы тұрғындарына толық оқшаулануға кеңес беремін», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, Алматы 22 наурызда түнгі сағат 00:00-де толық жабылады.

«22 наурызда барлық блок пост жабылады. Қала тұрғындарына көлік кептелісі болмас үшін өз қозғалыстарын реттеп алуды ұсынамыз. Сонымен қатар, жеңіл көліктер мен автобустардың шығуына тыйым салынады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар