Алматыда 21 жастағы жігіт квадроциклден құлап көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда квадроциклмен серуендеген жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы құтқару қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы турист Бутаковка шатқалында квадроциклмен серуендеп жүргенде абайсызда құздан құлаған.

5 адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды.

Өкінішке қарай, турист сол жерде жан тәсілім етті.

Құтқарушылар төменде күтіп тұрған туыстары мен дәрігерлерге марқұмның денесін зембілмен түсіріп берді.


Соңғы жаңалықтар