Алматыда 21 жасөспірім кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Демалыс» жедел шарасы барысында 148 жасөспірімді ішкі істер басқармасы бөлімдеріне жеткізді. Олардың 98-і әкімшілік қылмыс жасаған болса, 50-і түнгі уақытта көшеден табылды. 21 жасөспірім кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.

«Бұл шара кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қоғамға қайшы әрекеттерге баулудың жолын кесіп, жастар арасындағы қылмыстылықты азайтуға бағытталған. Сондай-ақ балаларына көңіл бөлмей жүрген ата-аналарға қатысты да қажетті шаралар қолданылады», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясының ювенальды полициясының өкілі Лейла Әліпбаева.

Бірінші күні Алматыда 12 бала есепке алынды. Бес ата-ана баласына дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Соңғы жаңалықтар