+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда 2021 жылы 3 ірі жол айрығы салынады

2020 жылғы 9 шілде 17:42
Бөлісіңіз:
Алматыда 2021 жылы 3 ірі жол айрығы салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі бүгін жол-инфрақұрылымы жобалары туралы онлайн конференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Нұр-Сұлтан-Павлодар» жаңа жолы қашан пайдалануға беріледі «Алматы-Нұр-Сұлтан» жолын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінді Биыл 5,8 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі енгізіледі

«Алматыда жалпы жолдың ұзындығы 3 096 км. Оның ішінде сапасы жақсы жолдардың үлесі салмағы 2019 жылы 75 %-ға жеткізілді. Барлығы 2 322 км болды. Алматы әкімінің тапсырмасымен 2020 жылы бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу көзделген», - деді Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.

2019 жылы қаланың даму жоспарына сәйкес Т.Рысқұлов пен Құлжа тас жолы жол айрығы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Сүйінбай даңғылының Хмельницкий мен Шолохов көшесі аралығындағы учаскесі қайта жөндеуден өтті.

2020 жылы 3 ірі жолайрығының: Т.Рысқұлов –Емцов, С.Сейфуллин даңғылы – І.Жансүгіров көшесі, Бұқтырма – Құлжа тас жолы нысандарының құрылысы аяқталады.

«Қазір Т.Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағында жол жабындысы төселіп жатыр. Ал солтүстігінде үйлер әлі сүріліп жатыр. Әлі бірнеше нысан толық тәркіленген жоқ. Бұл жұмыстар келесі жылы толық аяқталады», - деді Ернұр Абжахан.

С.Сейфуллин – І.Жансүгіров жол айрығында үйлер сүріліп жатыр. Биыл тоннельдер салынып, 2021 жылға қарай жұмыс толық аяқталады.

Бұқтырма – Құлжа тас жолы жолайрығында да қала мен облыс территориясындағы жер учаскелерін тәркілеу жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT