Алматыда 2020 жылы УЕФА Суперкубогы өтпейтін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2020 жылы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орынды белгіледі, деп хабарлайды Sports.kz.

Оны қабылдауға Алматы орталық стадионы, Тиран ұлттық стадионы (Албания), «Динамо» стадионы (Минск, Беларусь), «Самми Офер» Хайфы аренасы (Израиль), Хельсинки олимпиада стадионы (Финляндия), «Зимбру» стадионы (Кишинев, Молдова), «Уиндзор Парк» (Белфаст, Солтүстік Ирландия), Ниццедегі «Стад-де-Нис» аренасы (Франция) және Портудағы «Драгау» стадионы үміткер болды. Бұл жарыста португалдық «Драгау» аренасы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 2019/20-Чемпиондар лигасы маусымының финалы Ыстанбұлдағы «Ататүрк» стадионында (Түркия), ал Еуропа Лигасының финалы - Гданьсктегі «Гданьск аренасында» (Польша) өтеді.  

Соңғы жаңалықтар