Алматыда 202 соғыс ардагері 1 млн теңгеден алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңгеден төленеді. Бұл туралы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Қала әкімінің қолдауымен және Алматы қаласы мәслихатының шешімімен әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 202 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1 миллион теңге төленді. Бұдан бөлек шамамен 4 мың адам - 100 мың теңге,14 мыңнан астам адамға -50 мың теңгеден төленеді»,– дейді Рахат Шимашева .

Жалпы біржолғы төлемді 1,3 млрд теңгеге 18 296 адам алды:

Атап айтар болсақ, Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңге (202 адам); 100 мың теңгеден майданға қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктеріне тең адамдар (3 954 адам); майданда қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне 100 мың теңгеден (4 адам); Ауғанстандағы соғыс кезінде жарақат алған, соның салдарынан ауырып қайтыс болған немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайларына 100 мың теңгеден (32 адам); еңбек майданының қатысушыларына (соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген), оның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталған, сонымен қатар марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден (14 104 адам) төленді.


Соңғы жаңалықтар