Алматыда 2018 жылы не өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы 2018 жылы айтарлықтай түрленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылдың соңында ғана қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы орынбасары, қазіргі басшысы Алмасхан Ахмеджанов 8 көше, бірқатар алаңдардың өзгеретінін хабарлаған болатын.

Қала өмір сүруге қолайлы ету мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде орталықтың 60% жаңарды.

Қазіргі кезде әрбір үшінші аула жаңа кейіпке енген, олардың көпшілігі қаланың шет аудандарында орналасқан. Егер биыл 575 аула абаттандырылса, 2019 жылы тағы 600 аула жаңартылмақ.
null
null  

null  

Қала басшысы аталған жұмыстардың барысын қатаң қадағалап отырды.

Сонымен қатар, биыл Алматыда жеке меншіктегі бірқатар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылғанын атап өту керек.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Атакент» іскерлік байланыс орталығының 23 гектар аумағын жалға беру туралы келісімнің күшін жою туралы қаулы шығарды. Енді 54,1 га аумақты құрап жатқан территория қаланың меншігіне қайтарылды. Оның 31 гектары жеке меншікте, ал 17 гектарында түрлі сауда орындары, мейманханалар мен спорт кешендері орналасқан.

Осы өзгерістердің арқасында Атакент территориясы қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Бұл жерде үлкен арт-нысан - Тиіннің мүсіні пайда болды.

Экологиялық таза материалдардан, шөптен жасалған нысан туралы Қазақстан түгілі ВВС, New Yourk Post, Fox News тағы басқа басылымдар жаза бастады.

Тиінді көруге асыққан алматылықтарға да ыңғайлы жағдай жасалды. Енді алматылықтар Тимирязев көшесінде орналасқан Қазақстандағы тұңғыш BRT жолымен жылдам жүретін болды.

Сонымен қатар, қала билігі қоғамдық көлік қозғалысын ыңғайлы ету үшін аялдамаларға электронды таблолар орната бастады. Бұл экрандарда автобустың қанша уақыттан соң келетіні туралы ақпаратты білуге болады.

Соңғы үш жыл ішінде Алматы әкімдігі жекеменшік тасымалдаушылардың барлығын автобус паркін жаңартуға мәжбүрлей бастады.

Соның арқасында соңғы үш жылда 1000-ге жуық автобус сатылып алынды.

Ал қоғамдық көліктерге бөлінген арнайы жолақтың арқасында автобустарға отыратын жолаушылардың саны күрт артқан.

Биылдан бастап Алматыға бірнеше бағытта 12 метрлік үлкен автобустар шыға бастады. Бұл көліктер BRT жолдарымен де Төле би көшесімен де жүріп жүр.

null 

null

null

Сонымен қатар, биыл базарларды өркениетті сауда орындарына айналдыру бойынша жұмыстар биыл да жалғасып келеді.

Қалада жерасты жолдарынан сауда орындары алынып, дөнер, самса сататын дүңгіршектер жабылды. Оның орнына Алматыдағы 60-тан астам жерасты жолында әжетханалар салынып, ұлттық нақыштағы суреттермен әрленіп, ұлттық музыка ойнап тұрады.

Сонымен қатар, Алматыда Park fest фестивалі аясында іріктеуден өткен бірқатар арт-нысан орнатылды.

Олардың ішінде Атакенттегі алып Тиін, мүсінші Ерболсын Мелдібековтың «Ертоқым» мүсіні, Cracking Art Group жобасының ұлулары алматылықтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, қалада белгілі әнші Виктор Цойдың, Юрий Гагариннің мүсіні пайда болды.
null null nullnull


null  

Алматы қаласының әкімдігі қаланы мәдени, әлеуметтік, экономикалық дамыту жұмыстарын одан әрі дамытуға ниетті.




Соңғы жаңалықтар