Алматыда 2015 жылы денсаулық сақтау саласына 69,3 млрд теңге бөлінді - Ж.Қасымжанова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық денсаулық сақтау басқармасы өткен жылда жеткен жетістіктерін қорытындылады.

Басқарма басшысы Жанат Қасымжанованың айтуынша, денсаулық сақтау саласына бөлінген 69,3 млрд теңге толығымен игерілді.

«2015 жылды біз тұрақты жетістіктермен қорытындылап жатырмыз. Республикалық Денсаулық сақтау орталығының мәліметіне сәйкес 2015 жылдың алғашқы жартысында біз алғашқы үштіктен көрінген едік. Дүниеге келген алматылықтардың саны 4 %-ға артты. Жүкті келіншектердің 50 пайызы Алматы перзентханаларында босануға тырысады. Қала тұрғындарының жалпы өлім-жітім көрсеткіші 9 % болды. Сәби өлімі 1,4 %-ға, ана өлімі 2 есеге төмендеді. Бұл еліміздегі ең үздік көрсеткіштер болып отыр. Алматылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74,6 жасқа жетті. Республика бойынша бұл көрсеткіш 71,6 болып тұр», - деді басқарма басшысы Жанат Қасымжанова.

Оның айтуынша, оң серпіннің орын алуында қаланың медициналық мамандарының ерен еңбегі жатыр.

2015 жылы екі маңызды нысанның құрылысы аяқталды. Алғабас және Түрксіб аудандарында жаңа екі емхана пайдалануға берілді.

«Жедел жәрдем қызметін жетілдіру жалғасып жатыр. Шұғыл көмек көрсететін бригадалардың санын арттырдық. Біздің жедел жәрдем заманауи спутниктік навигация құралымен қамтылған. Шақырту мекенжайы жүргізушінің картасында автоматты түрде шығады. Науқасқа ең жақын орналасқан бригада аттанады. Осының арқасында жағармай үнемделіп, көліктердің тозуы баяулатылды», - деді Ж.Қасымжанова.

Соңғы жаңалықтар