Алматыда 2012 жылдың үздік кәсіпкерлері анықталды

None
None
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - «GE Logistics» компаниясының құрылтайшысы Исламбек Салжанов Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері - 2012» (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық байқауының «Экономикалық интеграцияны дамыту» аталымы бойынша жеңімпазы атанды, деп хабарлады «Алтын Қыран» компаниялар тобының баспасөз қызметінен.

Күні кеше Алматы қаласында өткен 2012 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімінде «Жыл кәсіпкері - 2012» ұлттық кезеңінің жеңімпазы («AB Restaurants» ЖШС Басқарушы директоры - Асқар Байтасов) мен 5 аталым бойынша үздік бизнесмендер анықталды.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы компаниялардың қаржылық айналымның өсу қарқыны мен табыстың артуы сияқты көрсеткіштермен қатар, кәсіпкерлік талант, жаңашылдықтың дәрежесі мен кәсіпкердің беделі сынды сапалық көрсеткіштерге де мән берді.

«Бизнестегі ең басты құндылық - адамдар, ал қалған технологиялар мен инвестицияларды компанияның сауатты құрылған даму стратегиясы арқылы тартуға болады. Біздің негізгі активтеріміз - 20 жылдық кіршіксіз таза беделіміз, жинақталған білім мен зор тәжірибе, тұтынушыларымыз мен әріптестеріміздің сенімі», - дейді «Экономикалық интеграцияны дамыту» аталымы бойынша жеңімпаз атанған «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры Исламбек Салжанов.

Соңғы жаңалықтар