Алматыда 200-ден астам автотұрақ орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл қалада тротуар типтегі 223 автотұрақ орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

«Биыл қалада тротуар типтегі 223 автотұрақ орнату жоспарланған, ал 2015 жылы бұлардың саны 300-ден асатын болады. Қазіргі кезде Алматыда 26 ақылы автотұрақ бар. Олардың барлығы видеобақылаумен, паркоматтармен, ақпараттық қабырғалармен, тиісті жол белгілерімен жабдықталған», - делінген хабарламада.

Қала басшысы Ахметжан Есімов бүгін тротуар типтегі ақылы автотұрақтардың жұмысымен танысты.

Оның айтуынша, ақылы автотұрақтарды орнату көлік қоюды бір жүйеге келтіруге, көшелер мен жолдардың көлік өткізу мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, Алматы аумағында қоршаған ортаның залалдану деңгейін төмендетеді.

«Әлемнің көптеген елдерінде автоматтандырылған автотұрақтар орнатылуда. Шетелдің басым көпшілігінде осындай паркингтер жеткілікті. Олардың тиімділігін көп жылдық тәжірибе көрсетіп отыр», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар