Алматыда 20 жастағы жігіт 14-қабаттан секіріп мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 20 жастағы жігіт ғимараттың 14-ші қабатынан секіріп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 26 қазан сағат 15:30 шамасында Медеу ауданындағы Достық-Қабанбай көшелерінің қиылысындағы ғимаратта болған.

Оқыс жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Ғимараттың 14-қабатынан 20 жастағы Алматы облысының тұрғыны секіріп кетті. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 105-бабымен (өзін өзі өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар