Алматыда 20 жастағы қызды қағып кеткен жүргізуші сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 20 жастағы қызды қағып кеткен Volkswagen жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәлметінше жол- көлік оқиғасы биыл 26 қаңтарын күні Өтепов көшесінде болды.

«Volkswagen Polo» көлігінің жүргізуші М.А.Голотовский Өтепов көшесі бойымен батыс бағытта жүріп келе жатып шамамен 21:00-де жол ережесін бұзды. Ол ауа райының қолайсыздығына мән бермеді. Қажетті қозғалыс жылдамдығын таңдамады. Салдарынан жаяу жүргінші – 2000 жылы туған С.есімді қызды қағып кетті. Соқтығысу нәтижесінде дене жарақатын алған бойжеткен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сот М.А.Голотовскийді Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Ол 1,6 жылға бас бостандығынан және көлік құралдарын басқару құқығынан бес жылға айырылды.

Жазаның мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.


Соңғы жаңалықтар