Алматыда 20 мыңнан астам ит пен мысықтың көзі жойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы мал қорымында 20 мыңнан астам ит пен 300 мысықтың көзі жойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Алматыдағы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Айдын Керімбек мәлімдеді.

«Мал қорымында 20 707 ит пен 335 мысықтың көзі жойылды. Аталған шаруаға мемлекет бюджетінен 176,4 млн теңге бөлінді»,-деді А.Керімбек.
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы қалалық ветеринария қызметі көшелерден 23 309 бас ит пен 578 мысық ұстаған, оның ішіндегі 2 975 ит пен 340 мысық иелеріне қайтарылды.

Сонымен қатар 70 мың үй хайуанатына чип тағылып, 10 мыңына стерилизация жасалған. Бұл шаруаға бюджеттен 158,4 млн теңге бөлінген.

«Алматыда «PetControl» бірыңғай электронды есепке алу жүйесі енгізілді. Осы арқылы қаладағы үй хайуанаттарының есебі жүргізіліп, олардың санын реттеп отыруға болады»,-дейді басқарма басшысы.

Фото: koramsak.kz

Соңғы жаңалықтар