Алматыда 20 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4 124 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 желтоқсан күні 4 124 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 2 037, II компонентін – 2087 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 8 желтоқсан аралығында қалада 1 031 788 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 989 543 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 683 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 19 567 адам салдырды. Оның ішінде 1 154 жүкті әйел, 3988 бала емізетін ана және 14 425 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар