Алматыда 2 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қалқаман шағына ауданындағы Нұрпейісов көшесінің бойында су құбырларын ауыстыру үшін жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Топырақ үйіндісінің астында қалған «Нұржол Строй» ЖШС-ның жұмысшысы 1973 жылы туған Б.Нүсіпбаев пен 1974 жылғы азамат Б.Таңғатаев оқиға орнында қаза болды.

Сондай-ақ Жетісу ауданындағы «SV Ltd» ЖШС құрылыс нысанында күндізгі сағат 11:26-да жүк лифтісі 2 метр биіктіктен шахтаға құлап кеткен. Лифт ішінде болған 1974 жылы туған В.Рогинин есімді жұмысшы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар