Алматыда 2 жасар баланы ұрып-соққан адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2 жасар баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Автордың айтуынша, бала тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған.

«2 жастағы қорғансыз, дәрменсіз бала қазір №1 қалалық ауруханада жатыр. 23 жастағы анасы Кристина Кряжевская баланың көк ала қойдай сабалған суреттерін әкесіне жолдаған. Оның айтуынша, нақсүйері Виктор Маркс баланы аяусыз ұрған. Екі қабырғасын сындырған. Баланың туған әкесі полицияға шағымдануын сұрағанда әйел баланы алып қашып кеткен»,- делінген жазбада.

Полиция департаменті баланы ұрған ер адамның ұсталғанын хабарлады.

Қазір бұл іспен Алмалы аудандық ПБ айналысып жатыр.

«Баланың кім екендігі бірден анықталды. Оның анасы бізбен сөйлесуге құлықсыз болды. 3 жасқа толмаған бала қазір ауруханаға жатқызылды. Қосымша сот медициналық сараптама тағайындалды. Соған сәйкес баланың денсаулығына келтірілген нұқсан көлемі анықталады», - деді ПД.

Баланы ұрды деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлімі бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, баланың жағдайы қазір тұрақты. Миы шайқалған. Алайда, қабырғалары сынбаған. Қазір нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар