Алматыда 2 жасар бала өртеніп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданындағы жеке үйден өрт шығып, 2 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт маусымның 9-ында сағат 8:40-та тұтанған. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдай болған жерден 2012 жылы туылған Р.Оңғарбек есімді баланың денесі табылды. 1945 жылы туылған Р.Абдуллина есімді азаматша түрлі деңгейлі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Тілсіз жау бір сағатта ауыздықталды. Оған жеке құрамның 30 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар