+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда 2 мыңнан аса қоғамдық көлік жүреді

2021 жылғы 25 қараша 14:48
Бөлісіңіз:
Алматыда 2 мыңнан аса  қоғамдық көлік жүреді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 151 бағыт бойынша 2400-ден астам қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мегаполис әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу  тиелген жүк көлігі өртенді 700-ден астам атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққан Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды

Спикердің сөзінше, Алматыда бағыттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес тасымалдаушылар субсидияланады.

Қазіргі кезде Алматы қаласында 151 қалалық бағытқа қызмет көрсету бойынша 21 тасымалдаушы компания жұмыс істейді.
«Бағыттар бойынша жүретін автобустардың саны 2 441 жылжымалы бірлікті құрайды. Оның ішінде 515 газ автобусы, 196 троллейбус, 15 электр автобусы және дизельдегі 1 715 автобус бар»,- дейді ол.
Алматы әкімінің орынбасары 2021-2022 жылдары «Алматыэлектротранс» ЖШС коммуналдық автобус паркі 300 газ автобусын сатып алу жоспарланғанын атап өтті.
Бұдан өзге, жеке инвестор 2022 жылы қалалық бағыттарға қызмет көрсететін 200-ге дейін газ автобустарын сатып алу, көлік санын 2025 жылға дейін 500 жылжымалы бірлікке дейін ұлғайту, жаңа автобус паркін салу мәселесін қарастыруда.
Сондай-ақ 2022 жылы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта автобус паркін салу жоспарда.
Спикер қазіргі кезде Алматының Наурызбай ауданы қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
Онда көптеген тұрғын үй кешендері бар, аудан тұрғындарына құрамында 121 жылжымалы көлік бірлігі бар №14, 15, 26, 27, 104а, 118 және 137 бағыттар бойынша қызмет көрсетілуде.
Абай даңғылын ұзарту жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданда жаңа бағыттар ұйымдастырылады, олар көлік жүйесінің жүктемесін азайтуға және қолданыстағы қалалық бағыттардың бір бөлігін жеңілдетуге көмектеседі.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT