Алматыда 2 көлік бетпе-бет соқтығысты, жүргізуші көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - Алматыда көліктердің бетпе бет соғылуынан 25 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты қаланың солүстік айналма жолында болған. Солтүстікке бағыт алып келе жатқан Toyota жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалып, қарсы бетте келе жатқан Hyundai көлігіне бетпе-бет соғылған.

Жол апаты салдарынан  Hyundai жүргізушісі түрлі жарақат алды. Ал 25 жастағы Toyota жүргізушісі сол жерде тіл тарпай кетті.

Полиция жол апатының жай-жапсарын анықтап жатыр.

null null null 

Соңғы жаңалықтар