Алматыда 2 кәсіпорын жалақыны сақтай отырып, қызметкерлерін демалысқа жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Индустриалды аймағында жұмыс істейтін екі ірі кәсіпорын жұмыскерлерін карантин аяқталғанша демалысқа жіберді. Жұмыс беруші олардың жалақысы мен жұмыс орнын сақтап қалмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Алматы Индустриалды аймағының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«TOKYO ROPE ALMATY» ЖШС мен «ASIA STEEL PIPE COMPANY» ЖШС жұмыскерлерін уақытша демалысқа жіберуді ұйғарды. Компания басшылығы карантин уақыты біткенше яғни 16 сәуірге дейін олардың жалақысы мен жұмыс орны сақталады.

«Өндірістің жабық болғаны, әлбетте бізге шығын әкеледі. Бірақ, жұмыскерлердің денсаулығы экономикалық мүддеден қымбат», - деді компания басшылығы.


Соңғы жаңалықтар