Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар