Алматыда №2 автопарк 11 көлікті қағып кеткен автобусқа тиесілі лицензиясынан айырылды
2015 жылғы 30 қаңтар 17:33

Алматыда №2 автопарк 11 көлікті қағып кеткен автобусқа тиесілі лицензиясынан айырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №2 автопаркі №31 маршрутының лицензиясынан айрылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті.

№2 автопаркке тиесілі №31 бағыт бойынша жүретін автобус осыдан 10 күн бұрын апатқа ұшыраған болатын.

Оқыс оқиға 18 қаңтарда «Қазақфильм» шағын ауданында орын алған. Исиналиев көшесімен төмен құлдилаған автобус көше бойында тұрған 11 автокөлікті қағып, қоқыс машинасына соқтығысып бір-ақ тоқтаған болатын. Кейін көлік жүргізушісі тежегіштің істемей қалғанын айтып еді.

Апат салдарынан 9 адам жапа шекті.

Ендігі кезекте аталған маршрутқа қызмет көрсету құқығы басқа тасымалдаушы компанияларға берілетін болды.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT