Алматыда 2 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған 18 жастағы жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарасай аудандық сотының тергеу судьясының 13 шілдедегі қаулысымен 6 шілдеде Алматы-Жандосов-Бесмойнақ жолының 25 шақырымында болған жол-көлік оқиғасына себепкер болған «Land Cruser» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі екі ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады «, - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, жол апаты 6 шілде күні сағат 00:10 шамасында болған. Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының шығыс бағытында «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тoyota Avensis» көлігімен соқтығысты. Салдарынан «Toyota Avensis» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

https://www.kazinform.kz/kz/almatyda-eki-kolik-soktygysyp-2-adam-koz-zhumdy_a3811359


Соңғы жаңалықтар