Алматыда 2,8 млн препарат қоры бар – Бақытжан Сағынтаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевхалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жеке қорғану құралдарын сатып алуға жергілікті бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша Тұрақтандыру қоры құрылды. Оған 10 млрд теңге бөлінді. 94 түрлі препараттардың қоры жасалуда», - деді әкім Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап 9 млн астам қаптама дәрі-дәрмек келіп түсті. Оның ішінде Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен - 3,6 млн қаптама алынған.

«Бүгінде қала қоймаларында 2,8 млн препарат қоры бар. Осы аптаның соңына дейін Тұрақтандыру қорының есебінен тағы 3,8 млн қаптама әкелінеді. Жұмыс жалғасуда. Қала жеке қорғану құралдарымен тамыз айының соңына дейін қамтамасыз етілген», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Алматыда 10 955 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 341 адам немесе 60% емделіп шыққан, 73 адам (0,68%) коронавирустан қайтыс болған.

Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық шеңберінде Алматыда бірнеше госпиталь ашылады.


Соңғы жаңалықтар