Алматыда 2,7 мың адам «QazVac» вакцинасын салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 6037 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 мамыр күні 6037 алматылық вакцина салдырды. Сонымен қатар, 25 сәуірден бері 2 723 адам QazVac вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 5 мамыр аралығында қалада барлығы 232 295 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 87 214 адам алды.

«Hayat-Vax вакцинациясын салдыру басталды. Енді қазақстандықтарда КВИ-ға қарсы үш препараттың біреуін таңдау мүмкіндігі бар»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар