
2014 жылғы 4 желтоқсан 12:39
Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сейсмостансалар жер сілкінісін тіркеді. Бұл жолы оның ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 31 шақырым жерде орналасты.
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ-ның сейсмикалық стансасының желісі 4 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:25-де жер сілкінісін тіркеді.
Дүмпудің энергетикалық класы - 10,3. Магнитудасы - MPV 4,7, тереңдігі - 15 шақырым. Қаланың өзінде жер асты дүмпулері 2-3 балл шамасында сезілді.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP