Алматыда «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабы оқырманға жол тартты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры ғимаратында «1941. Брестская крепость. Казахстан» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Кітап Ұлы Отан соғысының басталғанына және Брест қамалын қорғауға 75 жыл толуына орай, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қаржылай қолдауымен басып шығарылды.

Кітаптың авторы - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасының профессоры Ләйла Ахметова өз сөзінде 1941 жылғы Брест қамалындағы соғыс және ондағы қазақстандықтардың ерліктеріне кеңінен тоқталды.

«Бұл кітапта Брест қамалын қорғаушылар мен сол бағытта соғысқан 200-ден астам отандасымыздың, жалпы саны 556 қазақстандықтың аты-жөндері берілді. Бұған қоса, Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің полктар мен әскери құрылымдар бойынша тізімдері жазылған. Соғыста тірі қалған жауынгерлердің естеліктері мен мұрағат материалдары және өзге де құжаттар негізінде 1941 жылдың 22 маусымында Брест қамалын жаудан қорғауға қатысқан полктар мен құрылымдардың шайқастары бейнеленген», - деді Л. Ахметова.

Сонымен қатар, кітапта Брест қамалын қорғауға Қазақстаннан қатысқан жауынгерлердің жаңа есімдері берілген және олардың бастан кешкен оқиғалары да сипатталған. Зерттеушілердің Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Польша және Германия мұрағаттары, мұражайлары мен кітапханалары бойынша іздеу жұмыстары да көрсетілді.

Аталған кітап, республикамыздағы кітапханаларға, жалпы білім беретін мектептерге, өлкетану мұражайларына, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдарға сыйлық есебінде берілетін болады.
Айта кетелік, іс-шараға кітаптың авторынан басқа, ҰОС соғыс ардагерлері, Брест қамалын қорғаған жауынгерлердің туыстары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдіру, қоғам назарын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелеріне аударту.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар