Алматыда 1900 адам тұрғын үй кезегінен шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1900 адам тұрғын үй кезегінен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаев айтты.

Оның айтуынша, бұрын есепте тұрған адамдар жылына 1 рет келіп, тіркеуден өту керек болатын. Бұл жүйемен тұрғындардың тек 30 % ғана келетін.

Басқарма басшысы айтқандай, биылдан бастап сыбайлас жемқорлық деректерін жою мақсатында кезек Электрондық үкімет порталына көшірілді. Енді кез келген кезекте тұрған адам өзінің кезегін электронды қолтаңба арқылы кіріп, бақылай алады.

«Бұрын кезек қызметкерлердің компьютерінен бақыланатын. Адамдар кезекте ұзақ тұратын әрі адамдар жыл сайын келіп мұқтаж екендерін дәлелдеп отыратын. Енді оған қажеттілік жоқ. Адамдар үйінде отырып өз кезегін бақылай алады. Бұл жерде біз кезекті бөлуде адами факторды жойдық. Нәтижесінде 1847 адам кезектен шығарылған. Осылайша нағыз мұқтаж адамдардың кезегі 2000 адамға жылжыды», - деді басқарма басшысы Ануар Өскенбаев.

Басқарманың пәтерлерді есепке алу және бөлу бөлімінің басшысы Әміров Ермектің айтуынша,  электрондық форматқа басқарманың барлық қызметтері толығымен 2018 жылдан бастап көшпек.

Алматыда тұрғын үй кезегінде 20800 адам тұр.

Былтыр қалада 5887 пәтер бөлінген.

Соңғы жаңалықтар