+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда 19 жасар қызды қағып кеткен «Лексус» жүргізушісі ұсталды

2014 жылғы 24 шілде 13:26
Бөлісіңіз:
Алматыда 19 жасар қызды қағып кеткен «Лексус» жүргізушісі ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 19 жасар қызды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан «Лексус» көлігінің жүргізушісі ұсталды.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға шілденің 22-сінде Жандосов көшесінің бойында орын алған. Тілендиев көшесіне бағыт алған «Lexus-LX 570» жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан 19 жасар қызды қағып кетті.

Жедел ауруханаға жеткізілген қыз таң ата көз жұмды.

«Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлігімен жүйткіген күйінше өте шыққан. Адамдар тек қара джипті көрдік дейді. Жедел шаралардың арқасында көліктің маркасын, тіркеу нөмірін анықтауға мүмкіндік туды. Бірнеше сағаттан соң жүргізуші ұсталды. Ол көлігін жасыруға әрекеттенген. Бірақ, қазір көлік заттық айғақ ретінде іске тіркелді», - деді қалалық ІІД анықтау бөлімінің басшысы Рустам Абдрахманов.

66 жастағы ер адамның көлікті мас күйінде айдағаны анықталды.

Кейін белгілі болғандай, бұл азамат бұрын да қызара бөртіп көлік айдағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған екен.

«2010 жылы осыған ұқсас әрекеті үшін Алматы ауданаралық әкімшілік соты оны 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған. Дәл қазір ҚР ҚК 296 бабының 2 тармағы, 297 бабы, 119 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Р. Абдрахманов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT