Алматыда 185 көпбалалы отбасы баспаналы болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда әлеуметтік осал топтар үшін 400-ден астам жалдамалы пәтер бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 216 адам сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтер алады. Сонымен қатар 185 көпбалалы отбасы баспаналы болады. Барлығы 401 пәтер беріледі.

Көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жас қанат-2» шағынауданында салынды. Тұрғын үй кешенінде барлығы 3116 пәтер бар. Қалған 2715 пәтер кезекте тұрғандарға жеңілдетілген несиемен беріледі.

Сондай-ақ былтыр қараша айында жасы 29-ға дейінгі жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер беруге құжаттар қабылданған болатын. Пәтерлер саны – 1050.

Ал ағымдағы жылғы 18 мамырдан «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды.


Соңғы жаңалықтар