Алматыда 180 үй жылу мен ыстық сусыз қалды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда бірнеше шағынауданның тұрғындары жылу мен ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылу желісіндегі апатқа байланысты Мендеқұлов көшесі бойындағы диаметрі 800 мм болатын су құбыры және Снегина көшесінің бойындағы диаметрі 300 мм су құбыры істен шықты. «Самал-1», «Самал-2» және «Самал–3» шағынаудандары мен Қажы Мұқан – Достық – Чайкин – Омаров – Байжанов көшелерінің бойындағы үйлер ыстық су мен жылудан ажыратылды», - деп хабарлады Медеу ауданы әкімдігінен.

Әкімдіктің хабарауынша, барлығы 180 үй ажыратылған.

Апат салдарын жою жұмыстарын «АлТС» ЖШС жүргізуде. Ыстық су және жылу беру жақын уақытта қалпына келтірілмек.


Соңғы жаңалықтар